Жаңаөзенде мұнайшылар наразылығы жалғасуда

Олар қызметкерлердің айлығын теңестіруді талап етуде


17/08/2023
10:28 14065 0

Фото: Азаттық радиосы 

 

Жаңаөзенде «Мөлдір Мұнай Сервис» компаниясының кемінде 26 жұмысшысы қызметкерлердің айлығын теңестіруді талап етіп жатыр. Бұл жөнінде Азаттық радиосы хабарлады.

 

Алты аптадан бері компанияның Жаңаөзендегі ғимараты алдында тұрған жұмысшылардың 18-і үш күн бұрын «сулы» аштық жариялаған. Олардың сөзінше, тағы бір адам денсаулығы нашарлағандықтан аштықты үзуге тура келген.

 

Наразы мұнайшылар күні-түні Жаңаөзендегі кәсіпорын маңында тұр. Жұмысшылардың туыстары олардың қауіпсіздігіне алаңдап жатыр.

 

– Біз олардың жанында кезекпен түнеп кетіп жатырмыз. Себебі, соңғы күндері оларға азаматтық киімдегі белгісіз кісілер келіп, қорқытып жатыр, – деді жұмысшылардың бірінің жұбайы.

 

«Мөлдір Мұнай Сервис» компаниясы басшысы жұмысшыларының аштық жариялағанын растады. Алайда компания басшылары қаржы мәселесіне байланысты жұмысшылардың талабын атқару мүмкін емес екенін жеткізді. Олардың сөзінше, компания екі айдан бері шығынға ұшырап жатыр.

 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

17/08/2023 10:28
14065 0

Уведомление