Жаңаөзенде газ баллоны жарылып, 1 адам қаза тапты
Зардап шеккендер қазір дәрігерлердің бақылауында.

Фото: Видео скрині
Оқиға бүгін таңғы сағат 05:00 шамасында болған. Көп қабатты тұрғын үйдің бірінде газ баллоны жарылған. Салдарынан 13 адам зардап шегіп, оның ішінде 1 адам мерт болған. Тағы екі адамның жағдайы ауыр.
Жарылыстан 3 пәтер қирап, үй кіреберісінің (подъезд) 150 шаршы метрі құлаған,
«ҚазМұнайГаз» АҚ компаниясының баспасөз қызметі жарылыстан зардап шеккендерге пәтер берілетінін мәлімдеді.

Пікірлер жоқ.