Жаңаөзенде бір топ адам міндетті вацинацияға қарсы шықты
Вакцинацияға қарсы емеспіз, тек міндетті болмасын дейді наразылар

Фото: qazir.kz
30 тамызда Жаңаөзенде бір топ адам міндетті вакцинацияға қарсы шықты.
«Азаттық радиосы» олар «Мәжбүрлі вакцинацияға қарсымыз», «Біздің таңдауымыз бар» деген плакаттар ұстап, әкімдікке қарама-қарсы орналасқан алаңға жиналған дейді.
— Вакцинаны мүлдем салдырмаймыз демейміз. Бірақ мәжбүрлемесін, әркім өз еркімен салдырсын, — дейді наразы Мұратбай Жұмағалиев.
Жиналғандар вакцина салдырмағандарды ПТР тестін тапсыруға міндеттеуге, балаларға вакцина салдыруға да болмайды деген пікірде.
Акцияға қала әкімі Жаңабай Аймағамбетов келген.
— ПТР тестін тапсыру және вакцина салдыру міндет емес. Жиналысыңыз заңсыз, тараңыздар, — деген әкім.
Қазақстанда қызмет көрсету саласында істейтіндер 1 қыркүйекке дейін вакцина салдыруға тиіс. Алмағандар ПТР тестін тапсырып отыруға міндетті. Ал бұл ақылы. Денсаулық сақтау министрлігі қазанда 12-ге толған балаларға Pfizer вакцинасын салып бастаймыз деп жоспарлап отыр.

Пікірлер жоқ.