Жаңаөзенде белсенді Мұратбай Жұмағалиев соққыға жығылды

6 қазан күні түнде тіркелмеген «Демократиялық партия» белсендісі Мұратбай Жұмағалиевті маска таққан бірнеше жігіт соққыға жыққан


07/10/2022
10:01 26184 0

Жаңаөзенде белсенді Мұратбай Жұмағалиевті белгісіз бір топ адам ұрып кетті. 

 

6 қазан күні түнде тіркелмеген «Демократиялық партия» белсендісі Мұратбай Жұмағалиевті маска таққан бірнеше жігіт соққыға жыққан. Ол ұлымен бірге үйіне қайтып келе жатқан. 

 

Ғаламторда Жұмағалиевті ауруханаға алып келген сәті бейнеленген видео тарады. Онда белсендінің аяғы дәкемен таңылған. 

 

Видеоны түсіріп тұрған адам "адамдарды шындықты айтқаны үшін қудалауға болмайтынын" айтады. Оның айтуынша, Жұмағалиевтің үйінің маңында камера да болған. Ауруханаға сәлден соң полиция да келетінін жеткізеді.

 

Мұратбай Жұмағалиевты жақсы танитын Келбет Нұрбаевтың айтуынша, дәрігерлер Жұмағалиевтің аяғын рентгенге түсіріп, аяғы сынбағанын анықтаған. «Бірақ жамбас, аяқтары қатты көгеріп тұр» дейді ол. Жұмағалиевтің өзі полицияға арыз түсірмеген. Қазір белсенді үйінде.

 

Мұратбай Жұмағалиев – Жаңаөзенде қоғамдық мәселелерге пікірін ашық айтып жүрген белсенділердің бірі. Ол соңғы кезде қаладағы жұмыссыздық, ресейліктердің елге ағылуына байланысты шара қолдану мәселелерін көтеріп жүрген.

 

 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

07/10/2022 10:01
26184 0

Уведомление