Өзбекстанда президент сайлау өтті. Жеңіске Шавқат Мирзиёев жетті
Қолда бар ақпаратқа сүйенсек, президент дауыстардың 80%-ын жинаған

Фото: rambler.ru
Өзбекстанда президент сайлау өтіп, жеңіске қазіргі мемлекет басшысы Шавқат Мирзиёев жетті. Қолда бар қорытындыға сенсек, кандидат дауыстардың 80%-ын жинаған дейді «Медиазона».
Өзге үміткерлер мынадай дауыс жинаған: «Миллий тикланиш» партиясынан қатысқан Әлішер Қадыров (5,5 %), Халық демократиялық партиядан түскен Мақсұд Варисов (6,6 %), «Адолат социал-демократиялық партиясынан шыққан Бахром Әбдуқалімов (3,4 %) пен Экологиялық партиядан қатысқан Нарзұлла Обломұрадов (4,1 %).
Орталық сайлау комиссиясы дауыс беруге сайлау құқығы барлардың 80%-ы (16 миллион) келген дейді. Оның үш мыңнан астамы — коронавирус жұқтырғандар. Олар және өзге науқастар ауруханадағы сайлау учаскелерінде дауыс берген.
Бұл сайлау — тәуелсіз Өзбекстан тарихындағы алтыншы сайлау.
Қазақстан, Ресей және Беларус президенттері Мирзёевты құттықтады.

Пікірлер жоқ.