Қырғызстанда МТҚ балаларына өз аты мен тегін берген белсендіні сотқа берді
Қырғызстанда балаға ана атын беруге болмайды
Фото: youtube.com
Қырғызстанда феминист белсенді Алтын Қапалова күйеуімен ажырасқаннан кейін балаларына өз аты мен тегін берген. Сол текті тіркеген Мемлекеттік тіркеу қызметі белсендіні осы әрекеті үшін сотқа берді. Мұны «Азаттық радиосының» Қырғыз қызметі хабарлады.
— Балаларымның әкесімен ажырасқаннан кейін олардың құжатын жаңарттым. Одан әкесінің тегін алып тастап, өз атымды жаздыртып қойдым. Енді ұлым — Қапалов Даанышман Алтынұлы, ал қызым — Қапалова Аймон Алтынқызы. Енді осы үшін мені сотқа беріп жатыр, — дейді белсенді.
Мемлекеттік тіркеу қызметі басшысының орынбасары Ғалина Аманованың сөзінше, Қырғыстанда балаға ана не әже аты берілмейді екен. Сонымен бірге ол құжатты жаңартқан қызметкер қате жібергенін, сол үшін жауапқа тартылатынын айтты.
Сот отырысы 25 ақпанда өтеді.
Пікірлер жоқ.