Қырғызстанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті азаматтарды жаппай ұстауда

Әзірге ол адамдардың кімдер екені белгісіз


05/06/2023
17:19 10915 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Кaktus.media басылымының мәліметінше, ҰҚМК арнайы жасағы Бішкек қаласында мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болды деген күдікпен 10 адамды ұстаған. Бірақ ол адамдардың кімдер екені, аты-жөні әзірге белгісіз. 

 

Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті оқиғаға байланысты әзірге ешқандай түсініктеме берген жоқ. 

 

Бұған дейін әлеуметтік желіде автомат асынған арнайы жасақ сарбаздарының тұрғын үйге басып кіргені және көшеде автокөлікті тоқтатып, ер адамды жерге жығып, кісен салып жатқаны бейнеленген видео тараған. 

 

 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

05/06/2023 17:19
10915 0

Уведомление