Қырғызстан тараптардың татуласуына байланысты зорлау істерін жабуға тыйым салды

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров елдегі жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстар үшін жазаны қатаңдататын заңға қол қойды. Енді қылмыстық істер тараптар татуласса да тоқтамайды.
– Тараптардың татуласуына байланысты ауыр қылмыстар (оның ішінде зорлау) бойынша қылмыстық істер тоқтатылмайды. Тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық істі тоқтатуды көздейтін нормалар алынып тасталады, – делінген Қырғызстан президентінің ресми сайтында жарияланған ақпаратта.
Сондай-ақ, Қырғызстанда жыныстық қол сұғылмаушылық туралы заңнан пробациялық бақылаумен немесе кепілмен шығу, қылмыстың ескіру мерзімі сияқты бөліктер алынып тасталды.
Заң жарияланғаннан кейін 10 күннен соң күшіне енеді.

Пікірлер жоқ.