Қырғыз экс-президенті Алмазбек Атамбаев бостандыққа шықты

Ол 2020 жылы 11 жылға сотталған


14/02/2023
16:00 19782 0

Фото: ВВС

 

Жергілікті БАҚ мәліметінше, Атамбаев сот үкімінің күші жойылуына байланысты қамаудан босатылған. Оған шет елге шығып емделуге рұқсат берілген. 

 

Алмазбек Атамбаев 2011-2017 жылдары аралығында Қырғызстанның президенті болған. Ол қазақстандықтардың есінде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бірнеше рет сынауымен есте қалған. Ол Назарбаевты Қырғызстанның ішкі ісіне араласты деп айыптап, Қазақстанның байлығын сатып жіберген адам атаған. 

 

2019 жылы Атамбаевтан «тиіспеу» иммунитеті алынғаннан кейін, Қырғызстан бас прокуратурасы оның үстінен заңсыз баю және жемқорлық айыптары бойынша қылмыстық іс қозғаған. Оның резиденциясын күшпен алу кезінде 200 адам жарақаттанып, бір сарбаз қаза тапқан. 

 

2020 жылы сот Атамбаевты криминалды авторитет Азиз Батукаевты заңсыз босаты деген айыппен 11 жылға бас бостандығынан айырған. Ол өзіне тағылған айыппен келіспей, «іс қолдан жасалды» деп мәлімдеген. 

 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

14/02/2023 16:00
19782 0

Уведомление