«Әйгерім Тілеужановаға қатысты үкім заңсыз және саяси астары бар»

«Халықаралық құқықтық бастама» ұйымы мәлімдеме жасады


19/07/2023
15:03 15293 0

 

Халықаралық құқықтық бастама ұйымы «әуежайды басып алу» ісі бойынша мәлімдеме жасады. Онда іске қатысты шығарылған сот үкімі заңсыз, саяси астары бар екені айтылған. 

 

– Осы сот процесін бақылау негізінде сотталғандардың білікті, тәуелсіз және бейтарапты сотпен істі әділ және ашық қарау құқықтары қамтамасыз етілмегенін, сонымен бірге кінәсіздік презумпциясы дөрекі бұзылғанын мәлімдейміз. Істі тергеу де, сотта да қарау объективті, бейтарапты болған жоқ. Сот тергеу тарапынан сотталушыларға психологиялық қысым жасап, өздеріне керекті мәліметтерді беруге мәжбүрлеу фактілеріне ешқандай құқықтық баға берген жоқ,  делінген мәлімдемеде. 

 

Бұдан бөлек, мәлімдемеде Бас прокурор Берік Асыловтың журналист Әйгерім Тілеужанованы парламент мәжілісінде «діни экстремистік топ мүшесі» және «әуежайды басып алуды ұйымдастырушы» деп атап, кінәсіздік презумпциясын бұзғаны туралы да айтылған. 

 

– Бас прокурор Берік Асылов 2023 жылғы 5 қаңтарда Мәжіліс отырысында істі сотқа жібермей тұрып Әйгерім Тлеужанованы «діни экстремистік топ мүшесі» және «әуежайды басып алуын ұйымдастырушы» деп атады. Үкім шығарған соң кінәсіздік презумпциясын бұзу жалғасты. Алматы қалалық соты өкілі, бұл істе апелляциялық сатысы бола тұра, шығарылған үкімді ашық қолдап, арнайы бейне үндеуінде оның заңдылығын дәлелдеуге тырысқан, – делінген мәлімдемеде. 

 

Ұйым Әйгерім Тілеужанова және өзге де сотталушыларға шығарылған үкімнің заңсыз және саяси астары бар деген қорытындыға келген. 

 

 Осы мән-жайды ескере тұра, Әйгерім Тлеужановаға қатысты үкімді толығымен заңсыз және саяси астары бар деп санаймыз. Қазақстан аумағына ҰҚКҰ әскерлерінің Қазақстанға баса кірудің заңды негізі қаралмағандықтан, бұл үкім және Алматы әуежайын 2022 ж. 5 қаңтарда басқа да сотталғандарға қатысты негізді болып табылмайды, – делінген мәлімдемеде. 

 

Қаңтар оқиғасы кезінде «Алматы әуежайын басып алу» ісі бойынша үкім 11 шілдеде оқылған. Судья Мартбек Кәкімжанов журналист, белсенді Әйгерім Тілеужанованың 4 жылға, тарих пәнінің мұғалімі Қалас Нұрпейісовті және өзге үш сотталушы Шілібаев, Кәрменов, Дәлібаевтың әрқайсысын 8 жылға бас бостандығынан айырған. Айыпталушылар өздеріне тағылған айып пен шығарылған үкімнің саяси астары бар деп мәлімдеген. 

 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

19/07/2023 15:03
15293 0

Уведомление