Әйел зорламақ болған бұрынғы ҰҚК қызметкері 9 жылға түрмеге қамалды

Сот оны капитан атағын да айырды


10/08/2021
13:31 39749 0

Фото: acca.media

 

Әйел зорламақ болған деп айыпталған бұрынғы Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкері 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Мұны жәбір көрген әйелдің адвокаты Жанна Мұхамади Facebook-тан хабарлады

 

«Азаттық радиосы» қылмыскер Алматы облысында ұлттық қауіпсіздік департаментіде жедел уәкіл болып істеген дейді. Сот оны капитан атағынан да айырған. 

 

Жәбір көрген, Алматы облысының тұрғыны Айя Өмірзақованың айтуынша, оқиға 2020 жылғы қыркүйекте болған. Ол жігітімен ұрсысып қалып, көшеде жылап тұрған. Оған бейтаныс жігіт келіп, үйіне жеткізіп тастайтынын айтқан. 

 

«Ол діни уағыздар айтып, қиын кезде көмектен бас тартуға болмайтынын айтты» дейді қыз. Кейін келісіп, көлікке отырған. Ал жүргізуші адам сирек жүретін жерге апарып, ұрып-соғып, зорламақ болған. Ол жүксалғышты ашпақ болып, сыртқа шыққанда Айя қашып үлгерген. 


— Ол қуып жетіп, ұра бастады. Шашымнан сүйреп, көлікке қайтадан апармақ болды. Мен айғайлап едім, аузымды жабуға тырысты. Мен жерден бір уыс топырақ алып, оған қарай шаштым. Осы кезде ол мені бірден босата салды. Біз жаққа қарай бір көліктің келе жатқанын көрдім. Ол соны көре сала көлігіне отырып, қашып кетті, — дейді Айя Orda.kz-ке берген сұхбатында.

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

10/08/2021 13:31
39749 0

Уведомление