West Oil Software жұмысшылары талаптарын үкіметтің кеңейтілген отырысында қарауды талап етті


05/02/2024
12:12 7754 0

Фото: Азаттық радиосы

 

2023 жылдың 11 желтоқсанынан бері Жетібайда ереуілдеп тұрған West Oil Software мұнай-сервистік компаниясының жұмысшылары талаптарының 7 ақпанда өтетін үкіметтің кеңейтілген отырысында қаралуын талап етті. Бұл жөнінде «Власть» басылымы хабарлады. 

 

– Кеше үндеу жасадық. Ол жерде талаптарымызды 7 ақпанда, үкіметтің кеңейтілген отырысында қарауды талап еттік. Бізге әлі күнге дейін үкіметтен ешкім келген жоқ. Ешқандай келіссөз жүрген жоқ, – деді ереуілге қатысушылардың бірі Әскербек Әбішев. 

 

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысын 7 ақпанда өткізеді деген ақпарат тараған.

 

Маңғыстау облысында West Oil Software жұмысшыларының ереуілдеп тұрғанына екі айға жуықтады. Жұмысшылар West Oil компаниясын «ҚазМұнайГаздың» мердігері Oil Transport corporation (ОТК) балансына қосу, бірыңғай төлем жүйесін енгізу және материалдық-техникалық базаны жаңартуды талап етуде. Бұған дейін ҚМГ олардың алғашқы екі талабын орындай алмайтынын мәлімдеген.

 

 

 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

05/02/2024 12:12
7754 0

Уведомление