Украинадағы соғысқа баруға келіскені үшін Қазақстан азаматына Ресей паспорты берілді


21/11/2023
13:38 10906 0

Фото: Сибирь. Реалий

 

Украинадағы соғысқа баруға келіскені үшін Қазақстан азаматына Ресей паспорты берілді. Бұл жөнінде Сибирь. Реалийге сілтеме жасап Азаттық радиосы хабарлады. 

 

Басылым мәліметінше, Ресейдің Бердск қаласында тұрып жатқан Қазақстан азаматы Павел Контобаевқа Ресей паспорты берілген. Ол Украинадағы соғысқа баратыны туралы келісімшартқа қол қойған. Ресей паспорты оның әйелі Вероникаға да берлген. Құжатты қала басшысы Роман Бурдин мен қалалық кеңес төрағасы Владимир Голубев табыстаған. 

 

Бердск мэрінің айтуынша, Павел Контобаев Новосибирск облысынан соғысқа баруға келісіп, Ресей азаматтығын алған алғашқы адам. 

 

Новосибирск қаласынан 40 шақырым жердегі 100 мың тұрғыны бар Бердск қаласы бұрын әскери қызметкерлер қаласы саналған. Бұл қалаға Шешенстанда соғысқан 67-бригада орналасқан. 14 жыл бұрын бригада таратылған. Қала ғимараттарында Украинадағы соғыста өлгендердің аты-жөні жазылған мемориал тақталар көбейген.

Ресейдің Новосибирск облысы Қазақстанмен шектеседі.

Ресей президенті Владимир Путин биыл мамырда Ресей қорғаныс министрлігімен келісімшартқа отырған шетелдіктерге Ресей азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен беру туралы жырлыққа қол қойған.

Бұл жарлық бойынша, Украинадағы ұрыс қимылдары кезінде бір жылдық келісімшарт жасасқан шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар жеңілдетілген тәртіппен Ресей азаматтығын алуына болады. Бұл тәртіп олардың отбасыларына да жүреді.

Осы жарлық арқылы Ресей өз әскеріне еңбек мигранттарын, әсіресе Орталық Азиядан келетін еңбек мигранттарын көбірек тартуды көздейді. Бұған дейін мешіттерде, жатақханаларда, көші-қон қызметтері мен көшелерде еңбек мигранттарын әскерге шақыратын үгіт парақтары көбейгені байқалған.

Орталық Азиядан келіп, Ресей азаматтығын алғандарды Ресей Украинадағы соғыс басталысымен-ақ майданға тарта бастаған. 2022 жылы 21 қыркүйекте Ресей ішінара мобилизация жасаған кезде бұл процесс күшейе түскен.

 

 

 

 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

21/11/2023 13:38
10906 0

Уведомление