Украинада соғыс салдарынан қаза тапқан бейбіт тұрғындар саны жеті мыңнан асты

Оның 400-і балалар


17/01/2023
13:21 20908 0

Украинада соғыс басталғалы бері қаза тапқаны анықталған бейбіт тұрғын саны жеті мыңнан асты. Бұл дерек БҰҰ адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының жаңа баяндамасында айтылған.

Баяндамада бұл құжатқа қатталып, қазасы расталған адамдар ғана, бірақ кескілескен шайқас болған аймақтарда (Мариуполь, Северодонецк, Лисичанск, Соледар мен Бахмут) өлгендер саны бұдан да көп болуы әбден мүмкін, ол жақтан соғыс кезінде толымды ақпарат алу мүмкін емес деп жазылған.

Ресей басқыншылығы басталған былтырғы 24 ақпаннан бастап биылғы 16 қаңтарға дейін Украинада, БҰҰ дерегінше, 7031 бейбіт тұрғын, оның ішінде 433 бала қаза тапқан. 11327 адам жараланған, оның 827-сі – бала. Марқұмдардың 90 пайыздан астамы Украина билігі бақылайтын аумақта өлген.

 

 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

17/01/2023 13:21
20908 0

Уведомление