Түркия билігі Қырғызстандағы түрік мектептері басшысын ұрлап әкеткен
Орхан Инанды мамырда іс-түссіз жоғалып кеткен еді

Фото: who.ca-news.org
Түркияның арнайы қызметі Қырғызстандағы «Сапат» түрік мектептері желісінің басшысы Орхан Инандыны ұрлап әкеткен. Мұны Түркия президенті Режеп Ердоған тікелей эфирден хабарлады.
«FETO-мен күрес аясында Түркияға шетелден 100-ден астам адам жеткізілді. Түркия арнайы қызметінің сабырлы талпысының арқасында елге FETO-ның Орталық Азиядағы бас директоры Орхан Инандыны әкелдік», — деген Ердоған.
FETO — түрік ғалымы Фетхуллах Гүлен құрған хуманитар ұйым. 2016 жылы әскерилер Түркия билігін басып алмақ болғанда Ердоған бұған Гүлен кінәлі деп, FETO-ны террорист ұйымдар тізіміне енгізді. Ыстанбұл Гүлен «Сапат» түрік мектептер желісінің негізін қалаған дейді.
Мамырда Бішкекте Орхан Инанды іс-түссіз жоғалып кеткен еді. Оның жұбайы Инанды Түркия елшілігінде қамауда отыр деп, Қырғызстан президентінен араша түсуді сұрады.

Пікірлер жоқ.