Түркістанда жүзден астам жеке балабақша тәрбиешісі ереуілге шықты

Жалақымыз өссін дейді олар


20/10/2021
11:20 38151 0

Фото: azattyq.org

 

19 қазанда Түркістанда облыстағы жеке балабақша иелері мен тәрбиешілері ереуілге шықты. Олар облыс әкімдігінің алдына барып, жалақысы мен мемлекет бала басына беретін қаражатты өсіруді талап етті. 

 

Олар бала басына берілетін қаржы өспегендіктен еңбекақысы көтерілмей отырғанын айтады. Өзге облыстарда бұл қаражат орташа есеппен алғанда 40 мың теңге, ал Түркістан облысында 25 мыңдай теңге дейді. 

 

Жыл басынан бері тәрбиешілердің айлық жалақысы 25 пайыздан екі рет көтерілді. Біз бала басына берілетін ақшаны көтермей жатқан соң жалақыны өсіре алмай отырмыз. Тәрбиешілер «неге педагог туралы заң орындалмай жатыр?» деп көтеріліп жатыр. Сол үшін құрылтайшылар әкімдік алдына келді, — дейді наразылыққа шыққан Дилбар Хабибова «Азаттық радиосына». 

 

Ереуілшілердің сөзіне сенсек, балабақшада істейтін кіші қызметкер айына 40 мың, ал тәрбиешілер 50–70 мың теңге алады. 

 

Жұмысшылармен облыс әкімінің орынбасары кездескен. Бірақ әкімдіктің жауабына наразылардың көңлі толмай, президентке ұжым болып хат жолдаған. 

 

Облыстың адам әлеуетін дамыту басқармасы басшысының орынбасары Амантай Өсербаев наразы топтың шартымен келісетінін айтады. Оның сөзінше, балабақшадағы бір баланы қаржыландыру 41 мың теңге болғанымен 25 800 теңгеден төленіп жатыр. Кәсіпкерлердің талабын орындау үшін қаржы министрлігіне хат жазылған.

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

20/10/2021 11:20
38151 0

Уведомление