Transparency International «шетел агенті» тізімі жөнінде: Қазақстан Ресей тәжірибесін қайталауда

«Бұл тәуелсіз БАҚ пен азаматтық қоғамның дамуына кері әсерін тигізеді»


13/10/2023
12:15 12608 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Халықаралық Transparency International үкіметтік емес ұйымы Қазақстан қаржы министрілігінің шетелден қаржы алатын ұйымдар мен жекелеген адамдардың тізімін жариялауына алаңдаушылық білдірді. 

 

Ұйым «Қазақстан билігінің бұл қадамы елдегі тәуелсіз БАҚ пен азаматтық қоғамның дамуына кері әсерін тигізеді» деп мәлімдеді. 

 

Transparency International ұйымының айтуынша, азаматтық қоғамның халықаралық ұйымдардан қаржы алу мүмкіндігін шектеу талпынысы және тізімді жариялау FARA заңына қайшы (1938 жылы АҚШ-та қабылданған The Foreign Agents Registration Act заңы) және Ресейдің «шетел агенті» заңы мен тәжірибесін қайталап жатыр. Мәскеу «шетел агенттерінің» тізімін жариялап, ұдайы ұзартып келеді. Жылдар бойы Ресей билігі осы заңды азаматтық қоғам өкілдерінің үнін өшіріп, құқық қорғау ұйымдары мен тәуелсіз БАҚ-қа қысым жасау тетігі ретінде пайдаланып келді. 

TI Қазақстанда бұл тізімге кірген көптеген азаматтық қоғам мен үкіметтік емес ұйымдар бақылауға алынуы мүмкін деп алаңдайды.

2қыркүйекте Қазақстан қаржы министрлігінің кіріс комитеті ресми сайтында шетелден қаржы алатын 240 ұйым мен жекелеген адамның тізімін жариялаған. Олардың арасында елде ұзақ жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан үкіметтік емес ұйымдар мен танымал журналистердің аты-жөні болған. Билік бұны былтыр қабылданған Салық кодексімен байланыстырған.

Кей қазақстандық құқық қорғаушылардың айтуынша, билік жариялаған тізім толық емес, себебі онда шетелден қаржы алатын мемлекеттік және квазимемлекеттік құрылымдар туралы ақпарат жоқ. Қаржы министрлігі мемлекеттік органдар ашық жұмыс істегендіктен бұған қажеттілік жоқ, ақшаның жұмсалуын ресми сайттары арқылы көруге болады деген.

 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

13/10/2023 12:15
12608 0

Уведомление