Тоқаев төрт министрді қызметінен босатып, жаңадан бес министрлік құрды
Қызметінен босатылған министрлер қайта құрылған министрліктерге баруы мүмкін

Фото: Ашық дереккөзден
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауынан кейін төрт министрді қызметінен босатты. Мемлекет басшысының шешімімен:
• Марат Қарабаев – индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметінен босатылды;
• Дархан Қыдырәлі – ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметінен босатылды;
• Асхат Оралов – мәдениет және спорт министрі қызметінен босатылды;
• Зульфия Сүлейменова – экология және табиғи ресурстар министрі қызметінен босатылды.
Бұған қоса, Тоқаев жаңадан бес министрлік:
• Су ресурстары және ирригация министрлігі;
• Көлік министрлігі;
• Туризм және спорт министрлігі;
• Мәдениет және ақпарат министрлігі;
• Өнеркәсіп және құрылыс министрлігін құрды
Қызметінен босатылған министрлер жақын уақытта жаңадан құрылған министрліктерге баруы мүмкін.

Пікірлер жоқ.