Тоқаев теледебатқа қатыспайды
Дебатқа Қошанов барады

Президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаев теледебатқа қатыспайды. Оның атынан сайлаудағы сенімді өкілі, Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов қатысады.
Дебат 11 қарашада «Хабар» арнасында тікелей эфирде өтеді. Ол төрт кезеңнен тұрады:
– Сайлау алды бағдарламаны таныстыру
– Дискуссиялық сессия (қатысушылар бір-біріне екі сұрақтан қояды)
– Cайлаушылар сұрағы (әр кандидатқа бір сұрақтан)
– Сайлаушыларға үндеу
Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы өткен президент сайлауында да дебатқа қатыспаған. Оның орнына Сенат спикері Мәулен Әшімбаев барған.
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев та бірде-бір теледебатқа қатыспаған. Ол да пікірталасқа өзінің орнынан сенімді өкілін жіберетін.
Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді. Қазір кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізір, ел аралауда. Сарапшылар бұл жолғы сайлауда да бәсекелестік жоқ деп есептейді.

Пікірлер жоқ.