Тоқаев президент сайлауын биыл күзде өткізуді ұсынды
Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауын кезектін тыс өткізбек

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс президент сайлауын биыл күзде өткізуді ұсынды. Ол бұл жөнінде парламент сессиясының ашылуында жасаған халыққа жолдауында айтты.
– Мен биылғы күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынамын.
Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет. Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс Президент сайлауына баруға дайынмын, – деді Тоқаев.
Бұдан бөлек, Тоқаев президенттің өкілеттік мерзімін 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді, одан ары сайлануға тыйым салуды ұсынды.
– Сондай-ақ, мен көп ойланып, Президент өкілеттігі мерзімдерінің санын және ұзақтығын қайта қарау қажет деген байламға келдім. Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынамын. Бірақ қайта сайлануға тыйым салынады, – деді Тоқаев.

Пікірлер жоқ.