Тоқаев үкіметке адам құқығы саласында дереу атқарылуға тиіс шаралар жоспарын жасауды тапсырды
Президент адам құқығы саласы туралы қаулы шығарды

Фото: tengrinews.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев адам құқығы саласындағы ендігі шаралар туралы қаулы шығарды.
Онда мемлекет басшысы үкіметке:
- БҰҰ-ның келісімшарт органдары мен Адам құқықтары бойынша кеңесінің арнаулы рәсімдерімен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіруді;
- адам саудалаудан зардап шеккендер құқығын;
- мүгедектігі бар азаматтар құқығын;
- әйелдерді алалауды жоюды;
- еркін бірлесу құқығын;
- еркін пікір айту құқығын;
- өмір сүру құқығын;
- үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл тиімділігін арттыруды;
- қылмыстық сот төрелігі, атқару және азаптаулар мен қатыгез іс-әрекеттердің алдын алу саласындағы адам құқығын қамтамасыз етуді, соған қатысты жоспар шығаруын тапсырды.

Пікірлер жоқ.