Тәліптер: Жұмысшы ауған әйелдері үйден шықпағаны жөн

Сарбаздарымыз олармен қалай сөйлесу керегін білмейді дейді «Талибан»


26/08/2021
10:38 39732 0

Фото: bbc.com

 

«Талибан» (Қазақстанда террорист ұйым деп танылған) жұмыс істейтін ауған әйелдері үйден шықпағаны жөн дейді. Мұны тәліптердің баспасөз хатшысына сілтей отырып BBC хабарлайды. 

 

— Қауіпсіздік күшіміз әйелмен қалай араласу, сөйлесу керегін білмейді. Қауіпсіз орта қалыптастырғанға дейін әйелдер үйден шықпағаны жөн, — дейді баспасөз хатшысы Забихуллу Мұжахид. 

 

Оның сөзіне сенсек, бұл — «уақытша шара». 

 

15 тамызда «Талибан» қозғалысы Кабулды жаулап, билікті басып алды. Президент Әшреф Ғани елден қашты. Халықаралық ұйымдар онда адам, әсіресе әйел құқығы өрескел бұзылуы мүмкін дейді. 

 

Тәліптер баспасөз мәслихатын өткізіп, әйел құқығын шариғатқа сай сақтайтынын мәлімдеген еді. Бірақ екі күннен кейін ережеге бағынбаған екі әйелді өлтіріп тастағаны белгілі болды.

 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

26/08/2021 10:38
39732 0

Уведомление