Тимур Құлыбаев «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағалығынан кетті
Кәсіпкер жұмыстан өз еркімен кеткен

Фото: tengrinews.kz
Тимур Құлыбаев «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағалығынан кетті деп хабарлады ұйымның баспасөз қызметі.
Хабарға сенсек, кәсіпкер жұмыстан өз еркімен кеткен. Бұл лауазымда ол тоғыз жыл істеді.
Тимур Құлыбаев — бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үш күйеубаласының бірі, әйелі Динары Құлыбаева екеуі Қазақстандағы бай адамдар қатарына кіреді.
15 қаңтарда экс-президенттің басқа күйеубалалары — Қайрат Шәріпбаев пен Димаш Досанов та қызметінен кеткені белгілі болды.

Пікірлер жоқ.