Ыстық үтікпен азапталған Азамат Батырбаев «кінәсін мойындады»

Назарбаевтың ескерткішін құлатты делінген Азамат Батырбаев «кінәсін мойындады»


21/06/2022
12:40 31236 0

Қаңтар оқиғасынан кейін «жаппай тәртіпсіздікке қатысты» деген айыппен қамауға алынған Азамат Батырбаев «кінәсін мойындап», тергеумен процестік келісімге келді. Бұл жөнінде «Азаттық» радиосына оның адвокаты Бауыржан Азанов мәлімдеді. 

 

— Азамат Батырбаев процестік келісім жасасып, кінәсін мойындады. Маған өзі айтты. Мен процестік келісімге үзілді-кесілді қарсы болдым, — дейді адвокат.

 

Процестік келісім бойынша, сот кезінде прокурор Азамат Батырбаевқа шартты жаза сұрауы тиіс. 

 

Азамат Батырбаев Талдықорғандағы Қаңтар оқиғасынан кейін «жаппай тәртіпсіздікке қатысты» деген күдікпен қамауға алынған. Жергілікті БАҚ оны бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев ескерткішін құлатуға қатысты деп сипаттайды.

 

Қаңтардың соңында әлеуметтік желіде Азамат Батырбаевтың қолы мен денесі көгерген, күйген ізі көрінетін фотосуреті жарияланған. Оның туыстары Азаматты ұрып-соққанын, денесін үтікпен күйдіргенін мәлімдеген.

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

21/06/2022 12:40
31236 0

Уведомление