«Террорист» – деп танып, «Қай аға мені атқан»?
Қаңтар оқиғасы жайлы өлеңдер
2022 жылғы Қаңтар оқиғасына биыл екі жыл болды. Ресми дерек бойынша 238 адамның өмірін қиған қанды қасірет жөнінде осы уақытқа дейін БАҚ-та сан алуан деректі фильм, сұхбат, мақала жазылды. Осы сияқты ол әдебиетті де айналып өткен жоқ. Бүгін біз Қанды Қаңтар жөнінде жазылған ақындардың өлеңдерінен үзінді беруді жөн көрдік.
«Көккөңбек қабырғалар»
Көккөңбек қабырғалар –
көк туды есімізге салады;
Ақорда төрінде ілініп тұрғанын емес,
алаңда желбірегенін
есімізге салады көккөңбек қабырғалар.
Біз бейне сол туды жамылып
Алаңда көз жұмған
адамның мәйіті басында
айналып жүрген
әруақтар секілдіміз –
Дәлізден «Тоқ...», «Тоқ...» етіп,
Аяқ киім даусы жақындап келеді.
Автор: Файзулла Төлтай
«Қай аға мені атқан?»
Ел болсақ бақ тұрған,
Баланы ата ма?..
«Ескертпей аттырған»,
Атамдай Ата ма?..
Кеттім мен аттанып,
Жар болмай Жаратқан.
«Террорист» – деп танып,
«Қай аға мені атқан» ?..
Автор: Ақан Серік
Бұл өлең Қанды Қаңтарда оққа ұшқан төрт жасар Айкөркем Мелдеханға арналған. Айкөркем 2022 жылы 7 қаңтарда қаза тапқан. Ол сол күні отбасымен бірге азық-түлік алуға шыққан.
«Алаң»
Алаң
Іздер қызыл қырау басқан,
Тазалап жүр оны
бұйрық алған әлдебіреулер.
Бір қолында билік,
Бір қолында күн болса да
Өшіре алар емес
Іздерді қызыл қырау басқан.
Автор: Әннәс Бағдат
Пікірлер жоқ.