«Тергеушілер ұлымды жасырын жерлегісі келеді»: Алексей Навальныйдың мәйітін анасына көрсетті


23/02/2024
11:28 8375 0

Фото: AP

 

Ресей тергеу комитеті абақтыда қайтыс болған оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың мәйітін анасына көрсетті. Бұл туралы саясаткердің анасы Людмила Навальная 2ақпанда видео үндеуінде айтты. 

 

– Заң бойынша, олар маған Алексейдің мәйітін беру керек еді, бірақ әлі бермеді. Оның орнына шантаж жасап, Алексейді жерлеу уақыты, орнына қатысты шарт қойып отыр. Бұл заңсыз… Олар жерлеу рәсімі құпия болғанын қалайды. Олар мені зират басына апарып, «мына жерде ұлыңыз жатыр» дегісі келеді. Мен келіспеймін. Мен және Алексейді құрметтеген, оның қазасына қайғырған бәріңіздің онымен қоштасуға мүмкіндіктеріңіз болғанын қалаймын деді ол.

 

Бұдан бөлек, Людмила Навальная «тергеушілер құпия жерлеуге келіспесем Алексейдің мәйітімен бірдеңе істейміз деп қорқытқандықтан осы видеомәлімдемені жазып отырмын» деп мәлімдеді.

Ресейдегі жазаны өтеуді қадағалайтын орган (ФСИН) 16 ақпанда Навальныйдың Ямал-Ненец автоном округіндегі түрмеде көз жұмғанын мәлімдеген. Туыстары мен адвокаттары оның сүйегін әлі ала алмай жүр. Тергеушілер оның сүйегін анасы мен адвокаттарына да көрсетпей келген. 

Бұған дейін Ресей органдары «Навальныйдың мәйітіне 14 күн химиялық сараптама жүргізілетінін» айтқан.

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

23/02/2024 11:28
8375 0

Уведомление