Ташкентте полиция баласын 18 мың долларға сатпақ болған әйелді ұстады

Өзбекстанда жыл сайын жүздеген бала сату фактісі тіркеледі


16/08/2021
11:01 39639 0

Фото: novate.ru

 

Ташкент құқық қорғау органдары туғанына алты күн болған нәрестесін сатпақ болған әйелді ұстады. Мұны «Азаттық радиосының» өзбек қызметі хабарлайды

 

Өзбекстан Бас прокуратурасының дерегінше, бала 7 тамызда дүниеге келген. Шешесі оны 18 мың долларға сатпақ болған. 

 

Оның үстінен «Адам саудалау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Айыпталушы 12 жылға дейін қамалуы мүмкін. 

 

Жыл сайын Өзбекстанда жүздеген бала сату фактісі тіркеледі. Саудаға түскен балалардың көбі — нәресте. Оларды ата-анасы не меқызметкерлер сатады. Елдің ІІМ бала сатуға кедейлік пен әйелдердің тұрмыс құрмай жүкті болғанын жасыруы себеп болып отыр дейді.

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

16/08/2021 11:01
39639 0

Уведомление