Талдықорған полициясының бастығы «зорлық жасады» деген күдікпен ұсталды
Фото: Ашық дереккөзден
Талдықорған полиция басқармасының бастығы ұсталды. Оған Қылмыстық кодекстің 120-бабының 2-бөлігі бойынша айып тағылған
– Талдықорған қалалық полиция басқармасының бастығы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ол облыс орталығының 27 жастағы тұрғынын зорлады деген күдікке ілінді. ҚР ҚК 120-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп мәлімдеді Жетісу облыстық полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов.
БАҚ пен әлеуметтік желі қолданушылары ұсталған Марат Күштібаев екенін жазуда.
Пікірлер жоқ.