Сәтбаевта кішкентай қызды зорлаған ер адам өмір бойына, әйелі 22 жылға түрмеге қамалды
Бұл қылмыс қаладағы жаппай тәртіпсіздікке түрткі болған еді
Фото: inbussines.kz
21 маусымда сот алқасы Сәтбаевта бес жасар қызды зорлған ер адам өмір бойына, ал онымен сыбайлас болды деген жұбайы 22 жылға түрмеге қамалсын деп үкім шығарды. Сотталғандардың аты-жөні аталмайды дейді «Азаттық радиосы».
Оларға адам зорлады, жыныстық сипаттағы зорлық жасады, денсаулығына зақым келтірді деген айыптар тағылған.
Айыптаушы актіге сай, 2020 жылы 23 шілдеде ішіп алған ер адам подъезд алдында жүрген қызды ұстап алып, пәтеріне апарған. Кейін көршісіне оны зорлауды ұсынған. Бұған келіскен көрші әйелін шақырып, балаға белгісіз бір дәрі еккен. Қыз есінен танып қалған, ал екі ер адам зорлаған.
Дәл сол күні қыздың ата-анасы балам жоғалып кетті деп полицияға шағым түсірген. Іздеу барысында қыз бала көпқабатты үйден табылып, күдікті дереу ұсталды. Осыдан кейін қалада жаппай тәртіпсіздік болды: тұрғындар қыз табылған үйдің алдына жиналып, күдіктіні жауапқа тартпақ болды. Бірнеше адам үйдің терезелерін қиратып, көлік өртеген. Осы іс бойынша тоғыз адам үш жылға, 44 азамат төрт жылға түрмеге қамалды. Екеуіне іздеу салынды.
Қыз зорлау бойынша істе ерлі-зайыптыдан басқа бір күдікті болды. Былтыр 6 қазанда ол тергеу изоляторында өзіне қол салған.
Пікірлер жоқ.