Шымкентте теміржолшылар ереуілге шықты

Жұмысшылар жалақысы екі есе өссін дейді


09/07/2021
12:09 35347 0

Фото: vlast.kz

 

8 шілдеде «Қазақстан темір жолы – жүк тасымалының» Шымкенттегі бөлімінің 100-ден астам жұмысшысы ереуілге шықты. «Азаттық радиосы» наразылар жұмысын уақытша тоқтатты дейді. 

 

Теміржолшылар қазір алып жүрген 120 мың жалақысын кемінде екі есе өсіру, экологиялық үстемақы мен артық жұмыстың ақысын төлеуді және өздерін зейнетке уақытынан бұрын шығаруды талап етті. 

 

— Айлық жалақымыз 120–130 мың теңге. Күнкөріске мүлдем жетпейді. Жетіскеннен шығып жатқан жоқпыз. Бала-шағамызды қалай асыраймыз? Әрбіріміздің басымызда несиеміз бар. Қалай өтейміз? —  дейді наразылардың бірі.

 

Ереуілге шыққандар басшылық дұрыс жұмыс киімін бермейтінін айтты. 

 

— Міне, жилетіміз. Ауа өтпейді. Алты айда бір береді. Үш күнге жететін қолғапты да бір рет береді. Қалған уақытта өзіміз сатып аламыз. Осылай жұмыс істеуге бола ма? — дейді темір жол жөндеушілердің бірі Балғынбай Жұмахан. 

 

Наразыларға компания өкілі Қайырбай Оралбай келіп, талабын басшылыққа жеткізетінін айтты.

 

Бұрын біз ереуіл не екенін, оны ұйымдастырам дегендер не білуі керегін жазғанбыз. Оқи отырыңыз.

 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

09/07/2021 12:09
35347 0

Уведомление