Швейцарияда бір жынысты неке заңдастырылады
Мұны халықтың 64 %-ы жақтаған
Фото: nokta.md
26 қыркүйекте Швейцарияда хомосексуал некені заңдастыру туралы референдум өтті. Халықтың 64 %-ы заңдастырылсын деп дауыс берді дейді Reuters.
Бұл гей мен лесбияндар некелесе, бала асырап ала алады дегенді білдіреді. Одан бөлек, отау құрған лесбияндар жасанды ұрықтандыру арқылы балалы бола алады.
Мұндай өзгеріске қарсы болғандар бір жынысты неке балаға теріс тәрбие береді дейді.
Қазақстанда тек хетеросексуал некеге рұқсат берілген.
Пікірлер жоқ.