Швеция билігі балаға Владимир Путин деп ат қоюға рұқсат бермеді

Олар есім ерсі естіледі дейді


22/09/2021
12:39 38835 0

Фото: politics.segodnya.ua

 

Швецияның Лахолм қаласындағы салық қызметі жас ата-анаға баласының атын Владимир Путин деп қоюға тыйым салды. Мұны DW хабарлайды. Олардың ойынша, ат ерсі естіледі екен. 

 

Басында ата-ана нәрестесіне Путин деп ат қойғысы келген екен, бірақ қызмет бұл адам тегі деп есімді тіркеуден бас тартқан. 

 

Швеция заңына сай, балаға тіл тигізетін, қауіп төндіретін, қиын жағдайға қалдыратын не ерсі саналатын ат қоюға болмайды. 

 

Бұған дейін ел билігі нәрестенің атын Металлика, Кью, Токен, Майкл Жексон мен Пильзнер деп қоюға рұқсат бермеген, бірақ Гугл деуге рұқсат етілген.

 


 

Telegram, Instagram, Facebook, Twitter-дегі парақшамызға жазылыңыз. 

 


 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

22/09/2021 12:39
38835 0

Уведомление