Семейде cтадион мен көшеге Назарбаевтың есімі берілуі мүмкін
Дүниежүзінде 63 объектіге бұрынғы президенттің аты берілген
Фото: express-k.kz
Семейде көше мен стадионға бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілуі мүмкін. Мұны «Азаттық радиосы» хабарлады.
Семей қаласы мәслихатының хабарына сенсек, «Абай Аренаны» «Елбасы Арена» деп, ал Қарағайлы шағын ауданындағы даңғылды Назарбаев деп атауын жергілікті танымал спортшылар, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым, жастар ұсынған. Ал депутаттар бұл ұсынысты жақын арада қарап, шешім шығармақшы.
Қазақстан мен дүниежүзінде түрлі нысанға Назарбаевтың есімі берілген. The Village Қазақстанның мәліметінше, олардың саны 60-тан асады.
Пікірлер жоқ.