Саяси тұтқын деп танылған Кенжебек Әбішев түрмеден шықты

Оның бас бостандығы екі жарым жыл шектеледі


13/10/2021
10:46 38401 0

Фото: factcheck.kz

 

13 қазанда саяси тұтқын деп танылған Кенжебек Әбішев бас бостандығы шектеліп, түрмеден шықты. Мұны «Азаттық радиосы» хабарлайды. 

 

Оны жақтастары түрменің алдынан күтіп алмақ болған, бірақ түзету мекемесінің қызметкерлері тұтқынды ешкіммен кездестірмей, Алматы облысы Жамбыл ауданындағы үйіне апарып тастаған. 

 

2018 жылы сот Әбішевті терроризмді жақтады деп жеті жылға түрмеге қамаған еді. 27 қыркүйекте тұтқынның ерте босап шығу туралы өтінішін қанағаттандырды. Әбішев енді қалған мерзімін, яғни екі жыл төрт айын бостандығы шектелген күйі өтейді. 


Қазақстан құқық қорғаушылары оны саяси тұтқын деп таныған еді. Саяси тұтқын деген, оның өзге тұтқындардан қандай айырмасы барын мына жерден біле жүріңіз.

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

13/10/2021 10:46
38401 0

Уведомление