«Сарым – Закиева» заңы. Мәжіліс Сенатпен келісті

Аты шулы заңға енді президент қол қоюы тиіс


20/04/2022
10:51 34380 0

Мәжіліс «Сарым – Закиева» заң жобасына Сенат енгізген толықтырулар мен өзгерістерге келісті.

 

Атап айтқанда, енгізілген өзгеріске сәйкес, уәкілетті органға өз қалауы бойынша интернет-ресурстарды, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді шектеуге немесе жұмысын тоқтата тұруға мүмкіндік беретін өкілеттігі алынып тасталды. Балаға қатысты кибербуллинг деп танылған ақпаратты ғана жоюға рұқсат етіледі. 

 

Бұған дейін Қазақстанда шетелдік әлеуметтік желілердің ресми өкілдіктерін ашуға міндеттеу туралы норма жойылған болатын.

 

Парламенттің қос палатасы мақұлдаған заң жобасына енді президент қол қоюы тиіс. 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

20/04/2022 10:51
34380 0

Уведомление