Сарыағаштағы 5 жасар қыздың өліміне баланысты сотта үкім оқылды

Жәбірленушілер күдіктіге жеңіл жаза берген судья мен прокурорды жазаға тартуды сұрады


08/09/2023
11:50 13608 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Азаттық радиосының мәліментінше, іс бойынша күдікті деп танылған 48 жастағы Сайдолим Гаийбназаровты Түркістан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айырды. Оған сот үкімі күшіне енгеннен кейін химиялық кастрация жасалады және сот оны жәбірленуші жаққа 100 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуді міндеттеді. 

 

Марқұмның ата-анасы сот үкімімен келіспеген. Олар бұған дейін Сайдолим Гаийбназаровқа жеңіл жаза берген судья мен прокурорды жазалауды сұраған. 

 

Айыпталушы керсінше, сотта судьядан өзіне жеңіл жаза беруді өтінген. 

 

Марқұмның ата-анасы үкіммен келісетінін жеткізді. Бірақ бұрын сотталушыға жеңіл жаза берген судья мен прокурорды жазалауды сұрады. Жәбірленуші жақтың айтуынша, ол сотта адам өлтіргенін мойындаған, бірақ «зорлау» бабы бойынша айыппен келіспеген. Ал судья үкім кезінде «сотталушының кінәсі сараптама және өзге де деректермен дәлелденді» деген. 

Сот үкімі Гаийбназаров қамауда отырған ИЧ-69 мекемесінде оқылған. Үкімді тыңдауға тек айыпталушы мен жәбірленушілер және олардың адвокаттарын ғана кіргізілген. 

Жарыссөзде прокурор соттан айыпталушыны өмір бойына бас бостандығынан айырып, жазаны өтеу кезінде кастрация жасауды сұраған. 

Айыпталушы 15 шілде күні екі айға қамалған. Ол «мас хәлде ойнап жүрген 5 жасар қызды ән қойып беремін деп алдап өз үйінің ауласына кіргізіп, дәрменсіз күйін пайдаланып, күш қолданды. Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін қасақана жасады» деген күдікке ілінген. Сот мәліметінше, күдікті қылмысын жасыру үшін қызды өлтірген, ол үшін асхана пышағын пайдаланған.

13 шілде күні түсте Жібек жолы ауылында өз үйінің ауласында ойнап жүрген 5 жасар қыздан ата-анасы көз жазып қалған. Қызды әуелі туыстары, кейіннен бүкіл ауыл іздеп шығып, кешке көршісінің үйінің шатырынан денесін тапқан. Бұл суық хабар ауылды дүр сілкіндіріп, ашу-ызаға булыққан тұрғындар күдіктіні өздеріне беруді талап еткен. Ауылға полиция кіргізіліп, екі күн интернет ажыратылған.

Марқұмды туыстары 14 шілде күні жерлеген. 

Қазақстан президенті Қасым-Жомат Тоқаев бас прокуратура мен ішкі істер министрлігіне бұл іске байланысты оқиғаның мән-жайын тексеруді тапсырған.

Ресми мәліметке қарағанда, айыпталушы бұған дейін кісі өлтіргені үшін 10 жылға сотталған. Биыл сот «адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін» оның бостандығын 3 жылға шектеген. Оқиғадан соң Жоғарғы сот күдіктіні бұрын жеңіл жазалаған Сарыағаш аудандық сотының төрағасы Нұрқазы Шетеновті қызметінен босату туралы Жоғарғы сот кеңесіне ұсыныс берілгенін мәлімдеген.

 

 

 

 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

08/09/2023 11:50
13608 0

Уведомление