Роман Скляр орман өртіне байланысты прокуратура тергеу жұмыстарын бастағанын айтты
Бірақ кімдердің кінәлі екенін түсіндірмеді
Фото: Ашық дереккөзден
Премьер-министрдің орынбасары Роман Скльяр Абай облысындағы орман өртіне байланысты журналистер сұрағына жауап берді. Онда ол прокуратураның тергеу жұмыстарын бастағанын айтты.
«Біз өртті сөндіруге болатын әуелгі сәтті жіберіп алдық. Өрт тым тез тарап кетті. Қазір прокуратура тергеу жүргізіп жатыр», - деді Скляр үкімет кулуарында.
«Кімнің қандай кінәсі бар? Билік Қостанайдағы өрттен сабақ алмады ма?» деген сұрақтарға Скляр дұрыс жауап бермеді.
Пікірлер жоқ.