Ресейдің Украинаға басып кіргенін қолдаған «Ақ жол» депутаты партиядан шығарылды

Ол партияластарына ренжімейді


19/01/2023
14:00 20827 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

19 қаңтарда «Ақ жол» партиясының баспасөз қызметі «Азаттық» радиосына сұхбат беріп, Мәскеудің Украинаға басқыншылығы мен Ресей президенті Владимир Путинді қолдаған депутат Азамат Әбілдаевтың партия құрамынан шығарылғанын хабарлады. 

 

Партияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, бейсенбі күні партияның ұлттық кеңес пленумы өтіп, Әбілдаевтың «журналистке берген сұхбатында Украинадағы соғыс туралы айтқан сөздері сараланып, тиісті саяси баға берілген».

 

– Ұлттық кеңес мүшелері Азамат Әбілдаевтың сөздері «Ақ жол» партиясының позициясына қарама-қайшы және сонымен қатар партиялық және де депутаттық этиканы да  бұзып тұрғанына баса назар аударды, ­– деп жазылған партия хабарламасында.

 

Азамат Әбілдаевтың өзі «Азаттық» радиосына партия шешіміне ешқандай қарсылығы жоғын айтқан. 

 

– Партияның шешімі дұрыс. Партия деген партия ғой. Ұлттық кеңес. Ол жерде 40 мүшесі бар. Ертең сайлау келе жатыр. Менің бір сөзім үшін партияны «подставить етпеймін» ғой. Мен олармен келісемін. Дұрыс жасады. Менен интервью алған қызға да ренішім жоқ. Маған қарсы дауыс беріп, партбилет алғандарға да, ешкімге ешқандай ренішім жоқ. Бір нәрсені түсінуіміз керек: ұлтшыл-патриоттар деп Украина сияқты болып кетпесек болды. Басқа ештеңе демеймін,  деген Әбілдаев «Азаттық» тілшісіне. 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

19/01/2023 14:00
20827 0

Уведомление