Ресейде Жемқорлықпен күрес қоры экстремист ұйым деп танылды

Навальный қорына демеу болатындар енді қылмыстық жауапқа тарылады


10/06/2021
11:10 40950 0

Фото: dw.com

 

Мәскеу қаласы соты оппозиционер Алексей Навальныйдың Жемқорлықпен күрес қоры, Азаматтар құқығын қорғау қоры мен аймақтағы штабтарын экстремист ұйым деп таныды. Мұны «Медуза» хабарлады. 

 

Судья мемлекет құпиясы бар ақпарат оқылады дегесін сот отырысы жасырын өтті. 

 

Ұйымдарға енді ақпарат таратуға, қаражат алып, беруге, бейбіт жиындар ұйымдастыруға, сайлауға қатысуға болмайды. Олар қызметін дереу тоқтатуға тиіс. Ал оларға ақшалай қолдау көрсететіндер қылмыстық жауапқа тарыталады. 

 

Бұл ұйымдарға бұрын «шетел агенті» деген мәртебе берілген еді. Шетел агенті деп шетелден қаражат алатын әрі саяси істермен айналысатын ұйымды айтады. 

 

Ақпанда Алексей Навальный «Ив Роше» компаниясынан ақша жымқырды деген айыппен 2,5 жылға жуық түрмеге қамалған еді. Батыс елдері Ресейден тұтқынды босатуды талап етті. 


Құқық қорғаушылар Навальныйды саяси тұтқын дейді. Саяси тұтқынның басқа тұтқыннан айырмасын мына жерден оқыңыз.

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

10/06/2021 11:10
40950 0

Уведомление