Ресей тергеу комитеті Навальныйдың мәйітін 14 күннен кейін беретінін мәлімдеді


20/02/2024
14:00 7170 0

Фото:  instagram.com/navalny

Ресей тергеу комитетінің өкілдері Алексей Навальныйдың анасы мен адвокаттарына саясаткердің мәйітін химиялық экспертизаға жібергендерін мәлімдеп, экспертиза 14 күнге созылатынын айтқан. Бұл туралы 19 ақпанда Навальныйдың баспасөз хатшысы Кира Ярмыш хабарлады. 

16 ақпанда түрмеде көз жұмған оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың анасы мен адвокаттары бірнеше күннен бері оның сүйегін ала алмай жүрген. Саясаткердің сүйегі Ямал-Ненец автономды округіндегі Салехарда қаласындағы мәйітханада екені айтылған. 

Бүгін, 19 ақпан таңертең Алексейдің анасы мен адвокаттары мәйітханаға барғанымен, оларды кіргізбегені хабарланған. Сот-медициналық сараптамаға сілтеген «Агентство» сайты «адамның өлгені туралы қорытындыны мәйіт тексерілген соң бір ай ішінде береді, егер оба, тырысқақ секілді жұқпалы ауру табылса, мәйіт туыстарына берілмеуі де мүмкін» деп жазды.

Бұған дейін «Медиазона» Алексей Навальныйдың сүйегін 17 ақпан, түнде Салехардқа апаруы мүмкін кортеж бен полиция көліктерін камера арқылы көргенін хабарлаған.

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

20/02/2024 14:00
7170 0

Уведомление