Ресей теңге, драм және соммен саудаласуды ұсынды

Ресей ЕАЭО-да тағы да валюта мәселесін көтерді


25/08/2022
13:34 29325 0

Ресей теңге, драм және соммен саудаласуды ұсынды. Бұл жөнінде РБК сайты хабарлады. 

 

Ресей Еуразия үкіметаралық кеңесіне ЕАЭО елдерінің ұлттық валютасын кеңінен пайдалану мәселесін талқылауға шығармақ. Ресей жағы одаққа мүше елдердің импорт пен экспортында рубль, теңге, сом, драм және белорус рублінің үлесін арттыру бойынша ұсыныс жасауды жоспарлауда.

 

Ұсыныс арасында SWIFT  жүйесінсіз есептеу жүргізу бастамасы да бар. 

 

2021 жылдың қорытындысы бойынша, сауда операцияларының 70 пайызы рубльмен, төрттен бірі доллар және еуромен, қалған бөлігі өзге валюталарда жүргізілген.

 

25-26 тамызда Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында Евразия үкіметаралық кеңесінің отырысында ЕАЭО-ға мүше елдердің ұлттық валюталарын пайдалану ауқымын кеңейту мәселесі талқыланады. Осыған байланысты қаулыны Ресей енгізеді деп күтілуде. 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

25/08/2022 13:34
29325 0

Уведомление