Ресей билігі адам өлтіргендер мен зорлағандарға таксиші болып істеуге тыйым салмақ
Заң қабылданса, күшіне 2022 жылғы 1 қыркүйекте енбек
Фото: secretmag.ru
Ресей үкіметі Мемлекеттік думаға (парламент) бұрын сотталғандарға жолаушы тасымалдау саласында істеуге тыйым салатын заң жобасын өткізді. Мұны Lenta.ru хабарлайды.
Үкіметтегілер Еңбек кодексіне ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандарға, нақтырақ айтқанда адам өлтірген, зорлаған, тонағандар мен террористерге такси және қоғамдық көлікте істеуге тыйым салатын норма енгізбек.
Такси, автобус, троллейбус мен трамвай айдап жүргендер 2023 жылғы 1 наурызға дейін сотталмағанын дәлелдейтін анықтама өткізуі қажет.
Заң қабылданса, күшіне 2022 жылғы 1 қыркүйекте енбек.
Бұрын транспорт министрлігі үнемі жол ережесін бұзатындарға таксиші болып істеуге тыйым салуды ұсынған.
Пікірлер жоқ.