Референдум маусымда өтуі мүмкін
Конституцияға түзетулер енгізу бойынша референдум маусымда өтуі мүмкін

Конституцияға түзетулер енгізу бойынша референдум 5 маусымда өтуі мүмкін.
– Бүгін немесе ертең президент жарлығы шығады. Барлығын жарлықтан білетін боламыз. Ең қолайлы уақыт – демалыс күні, 5 маусым, – деді мәжілістің заңнама және сот – құқықтық реформалар жөніндегі комитет төрағасы Арман Қожахметов
Қожахметовтың сөзінше, бюллетенде «иә» және «жоқ» деген екі ғана жауап болады.
Өткен аптада Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға тузету енгізу бойынша референдум өткізуді ұсынған.
Коституцияға жалпы алғанда 33 бапқа 56 түзету енгізу жоспарлануда.

Пікірлер жоқ.