Мемлекет адамнан құқығын тартып ала ма?

Жоқ. Мемлекет оны кейде шектей алады, бірақ тартып ала алмайды. Билік адам құқығын қалағанынан емес, шынымен де қажет кезде шектей алады. Қандай жағдайда құқық шектелетіні әр елдің өз заңында жазылған.




Әрине, кейбір мемлекет бейбіт заманда да адам құқығын шектеп, бұзады. Мұндай үрдіс әдетте заң шығарушы органы (парламент) адам құқығын бұзатын заңдар қабылдайтын елдерде байқауға болады. Ал сол заңдарды орындайтын орган (үкімет, әкімдіктер, полиция) заңсыз адам тұтқындайды, ұнамайтын БАҚ пен ұйымдарды жауып тастайды. Сот билігі істі дер кезінде қарамайды, әділ болмайды. 

 

Мұндай жағдайда мемлекет халықтан құқығын тартып алатын сияқты болып көрінеді. Бірақ шындығында олай емес. Адамды құқығы мен бостандығынан айыру мүмкін емес, Адам құқықтарының жалпыға бірей декларациясында олардың ажырамас екендігі жазылған. 

 

Егер билік өз міндетін орындамаса, адамдар қорғана, мемлекеттен құқық пен бостандығын сақтауын талап ете алады.

 

Адамға құқықты кім беретінін мына жерден толығырақ оқи аласыздар.

 


01/08/2020 14:50 4529 0

01/08/2020
14:50 4529 0

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

Уведомление