Заңның заң жобасынан қандай айырмашылығы бар?

Заң — қабылданған, күшіне енген міндетті нормалар мен ережелер жинағы. Ал заң жобасы деген — заң ретінде қабылдауға әзірленіп жатқан құжат.




Заң қоғам өмірінің бар саласындағы (экономика, әлеуметтік сала, бизнес, мәдениет, білім және тағы басқа) азаматтар мен мемлекеттік билік қарым-қатынасын реттейді. Онсыз құқықтық мемлекет құру мүмкін емес.  

 

Парламент заң жобасын бірнеше рет талқылайды. Талқылау барысында құжат қамтитын бар жайт ескерілуі керек. Жоба қабылданбай қалуы да мүмкін.   

 

Заң жобасынан бұрын оның тұжырымдамасы жасалады. Онда заң қандай мәселелерді реттеуі керек екені жазылады. 

 

Схемасы былай: заң жобасының тұжырымдамасы — заң жобасы — заң.

 


16/09/2020 10:27 5364 0

16/09/2020
10:27 5364 0

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

Уведомление