Прокурор экс-депутат Нұржан Әлтаевты 12 жылға соттауды сұрады
Фото: Ашық дереккөзден
Прокурор соттан тіркелмеген «Ел тірегі» партиясының жетекшісі Нұржан Әлтаевты 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бұл жөнінде «Елмедиа» телеграм арнасы хабарлады.
Нұржан Әлтаевтың үстінен ҚР ҚК 366-бабының 4- бөлігі «аса ірі көлемде пара алу» бойынша іс қозғалған. Сот жабық режимде өтуде.
Әлтаевтың өзі тағылған айыппен келіспейді. Ол істің саяси астары бар деп есептейді.
Нұржан Әлтаев 7 маусымда ұсталып, қамауға алынған. Оны парламент мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматулин мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметовпен қатысы бар деген болжам бар.
11 мамырда Абылай Мырзахметов «30 миллион доллар (13,3 миллиард теңге) пара алды» деген күдікпен ұсталған.
Пікірлер жоқ.