Прокурор Боранбаевты 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады
Ол өзіне тағылған айыпты мойындамайды
Фото: Ашық дереккөзден
Астанада Қайрат Боранбаев, Роман Наханов пен Тайыр Жанұзақтың соты өтіп жатыр. Прокурор Боранбаевты 8 жылға түрмеге кесуді және мүлкін тәркілеуді сұрады.
Бұған дейін Қайрат Боранбаев сотта өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын айтып, тергеу кезінде қысым көргенін айтқан.
Қайрат Боранбаевқа «QazaqGaz» ұлттық компаниясының газын сату кезінде 14, 5 миллиард теңге қаржы жымқырды деген айып тағылған. Ол кінәсін мойындамаса да мемлекетке аталмыш қаржыны қайтарып берген. Оның қорғаушылары қайтарылған қаржыны «тергеу кезінде анықталған даулы сомма» деп есептейді.
Қайрат Боранбаев экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құдасы болған. Ол елдегі ең бай адамдардың қатарына кіреді.
Пікірлер жоқ.