Прокурор белсенді Табылдиеваны бір жарым жылға соттауды сұрады


07/11/2023
18:27 10971 0

Фото: Алмас Қайсар

 

Прокурор Ақжол Мұқаш соттан белсенді Назым Табылдиеваны бір жыл алты айға бас бостандығынан айыруды сұрады. Оған «билік өкіліне тіл тигізу» бабы бойынша айып тағылған. Бұл жөнінде Власть басылымы хабарлады. 

 

Прокурор түрме жазасынан бөлек, соттан Табылдиеваны 100 сағат қоғамдық жұмысқа тартуды сұрады. Оған белсендінің адвокаты Жалғас Сапарханова қарсылық білдірді. Ол тергеу кезінде заң бұзушылықтар болғанын алға тартты. Ал Назым Табылдиеваның өзі істің саяси астары бар деп есептейді. 

 

Келесі сот отырысы 8 қарашада өтеді. Сол күні сот үкімі оқылады. Сот процесі 1қазанда басталған 

Бөлісу

Пікірлер жоқ.

07/11/2023 18:27
10971 0

Уведомление