Прокуратура: Қазақфильмде аса ірі көлемде қаржы жымқырылған

Фото: Ашық дереккөзден
Алматы қаласының прокуратурасы «Шәкен Айманов атындағы Қазақфильм» акционерлік қоғамында аса ірі көлемде қаржы жымқырылғанын хабарлады. Ведомсто осыған байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмысын бастаған.
– Алдын-ала мәлімет бойынша, фильм түсіруге бөлінген 400 миллион теңгеден астам қаржының ұрланғаны анықталды, – делінген прокуратура таратқан ақпаратта.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізіп жатыр.

Пікірлер жоқ.