Полиция Демпартия белсендісіне айыппұл салды
Аружан Дүйсебаеваның өзі тағылған айппен келіспейді

Фото: Аружан Дүйсебаеваның Facebook парақшасынан
Алматыда полиция тіркелмеген Демократиялық партия белсендісі Аружан Дүйсебаеваға айыппұл салды. Бұл жөнінде белсендінің өзі хабарлады.
Аружан Дүйсебаеваны айтуынша, оны 1 сәуір Алматыда өткен «Халық парламентінің» алғашқы жиынына қатысқаны үшін «қоғамдық бірлестіктер туралы заңнаманы бұзды» (489-бап) деп айыптап, 172 500 теңге көлемінде айыппұл салды.
– Тоқаевтың полициясы келіп айыппұл салып кетті! Масқара ғой! Алаңға шықсаң да, ғимаратта отырсаң да қудалай береді екен ғой бұлар?, – деп жазды белсенді Facebook-тағы парақшасында.
Белсенді шешіммен келіспейді, алайда шешімді апелляцияға беру мүмкіндігі жоғын жеткізді.
1 сәуірде Алматыда «Халық парламентінің» өкілдері «парламент сайлауындағы заңсыздықтарды» айтып, ресми нәтижесін жоюды талап еткен. Бұған дейін ХП-ның 9 сәуірдегі митингісіне байланысты 15-тен астам белсенді әкімшілік жазаға тартылған.

Пікірлер жоқ.